1 миллионға жуық қазақстандыққа «Pfizer» вакцинасы салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 сәуірдегі мәлімет бойынша елімізде 1 миллионға жуық жасөспірім, жүкті және бала емізетін ана «Pfizer» вакцинасымен егілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, «Pfizer» осы санаттардағы 946 677 адамға егілген. Атап айтқанда, вакцинаның І компонентін салдырған жасөспірім – 783 795, жүкті әйел – 35 844, бала емізетін әйел – 127 038; ІІ компонентін салдырған жасөспірім – 678 576, жүкті әйел – 29 904, бала емізетін әйел – 104 892.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда «Pfizer» вакцинасын салдыра алатындар санаты кеңейтілген болатын.