Бұл туралы бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жер қойнауын пайдаланушылармен әріптестік бойынша меморандумға қол қою барысында мәлім етті.
1 наурыздан «СНСП Ақтөбемұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің жалақысы 15 пайызға көтеріледі. Әкімнің сөзіне қарағанда, наурыз айынан «Ұлы қорған», «Шығыс мұнай және сервистік қызмет», «КНИСГ» және тағы да басқа компаниялардың айлық жалақысы көтеріледі.
«Комиссия еңбек қатынасы бойынша жұмыс істеді. Бүгінгі күнде барлық мәселелер шешілген. Мәжіліске тең дәрежеде кәсіподақшылар мен қызметкерлер қатысты. Біз барлық сұрақтарға жауап беріп, мәселелерді шешуге тырыстық», - деді әкім.