Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді.
«1 сәуірде еліміздің барлық мектептерінде сынама жүргізіп, мұғалімдер балалардың жүйеге қалай қосылғанын тексереді. Бейсенбі күні - 2 сәуірде ата-ана жиналысын өткізіп, жүйеге қосылуды, балалар жұмысын дұрыс ұйымдастыруды үйретеміз», - деді министр.
3 сәуір - жұма күні оқушылармен сынып сағаттары жүргізіледі. Онда да балаларға тиісті ақпарат беріліп, қашықтан оқу форматы туралы барлық сұрақтарға жауап беріледі.
«Осылайша, 6 сәуірде мектеп те, ата-ана да, құрылғылар да қашықтан білім беруге дайын болуы керек», - деді А. Аймағамбетов.
Бұған дейін министр қазақстандық мектеп оқушыларының теледидар, радио, интернет және пошта арқылы білім алатынынмәлімдеген еді.
Барлық сұрақтар бойынша Білім және ғылым министрлігінің 1450 колл-орталығына хабарласуға болады.