1 сәуірден бастап Ұлытау мен Маңғыстауды жалғайтын тікелей пойыз қатынай бастады
14:20, 06 Сәуір 2026
АСТАНА. KAZINFORM — 1 сәуірден бастап Ұлытау мен Маңғыстау өңірлерін жалғайтын тікелей жолаушылар пойызы іске қосылды. Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мәлім етті.
Алғашқы рейсті Маңғыстау станциясында жұрт салтанатты түрде қарсы алды.
«Қарағанды–Жезқазған» бағыты Маңғыстауға дейін ұзартылып, енді «Қарағанды–Маңғыстау» бағыты ретінде қатынайтын болды.
- Жол жүру уақыты — шамамен 41 сағат.
- Келу уақыты: тақ күндері 12:08
- Жөнелту уақыты: 14:34
Билет құны:
• Купе — 22 123 тг
• Плацкарт — 14 467 тг
Жаңа бағыт туризмді дамытуға, сондай-ақ өңіраралық іскерлік және еңбек байланыстарын нығайтуға мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, бұған дейін«Астана – Талдықорған» бағытында тікелей қатынайтын пойыз іске қосылатынын жаздық.
Зейнеткерлерге пойыздарға 25% жеңілдік берілетінін еске саламыз.