АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 колледж бен 10 жоғары оқу орны базасында индустриялық даму бағдарламасына кадрлар дайындалады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты.
Елімізде 3 мыңнан астам кәсіпорын базасында 283 колледж дуальді оқытуды жүргізетіндігін айтқан А.Сәрінжіпов: «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 10 колледждің және 10 жоғары оқу орнының базасында индустриялық даму бағдарламасына кадр дайындалатын болады», - деді.
Министрдің айтуынша, сонымен қатар халықаралық басылымдарда Қазақстан ғалымдарының еңбектері отыз пайызға көбейген.
«2013 жылы 1800, ал 2014 жылы 2700 жарияланым жарық көрді», - деді ол.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.