Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұздағы жылу желілерін жөндеу барысын тексерді.
15 мамырға дейін желілерді жөндеудің бірінші кезеңін аяқтап, 137 көппәтерлі тұрғын үйді ыстық суға қосу жоспарланған.
Содан кейін 25 мамырға дейін 221 КТҮ және 246 КТҮ 10 маусымға дейін қосуды жоспарлап отыр.
Үйлерге ыстық су беру тізімі ЕЖЭО телеграм каналында жарияланады.
Сондай-ақ, ЖМ-5 және ЖМ-12 магистральдық құбырларын қайта құру жұмысы басталды. Қазір ескі желілерді бөлшектеу және басқа да дайындық шаралары жүріп жатыр.
Барлығы төрт жылу магистралі жаңартылады. Жұмысты тамыз айының соңына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.