«Бұл бағдарлама министрлік тарапынан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге әзірленді. Бүгінгі күні оқу бағдарламасы дайын. Оқулықтар дайындық үстінде. Жалпы оқушыларға тек пәндік білім беріп қана қоймай өмірлік дағдыларға баулу, өмірде өз орнын табуға және алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету - бұл жаңартылған білім мазмұнының негізгі ұстанымы. Сондықтан кәсіпкерлік және бизнес негіздерін оқыту бүгінгі заман талабы», - деді Департамент басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, министрлік «Атамекен» ҰКП-мен оқу бағдарламасын әзірлеу барысында оқушылардың, мұғалімдердің және бизнесмендердің пікірлерін ескерген.
«Оқулықтар бүгінгі күні сараптамаға тапсырылды. Жалпы 10 сыныпта осы пәнді паритеттік оқу жоспары бөлігінде оқыту көзделген еді. Бірақ бізде 10-сыныпқа жаңартылған білім мазмұнын енгізу 2019-2020 жылдары жүргізіледі. Сондықтан бір жылдан кейін аталған оқулықтар тиісті сараптамалық жұмыстардан өткізіліп, енгізіледі», - деді Шолпан Каринова.