Форум әлемнің жүзден астам мемлекеттерінің жоғары қадағалау органдарының басшыларын жинады және ПХҚ-ның тарихындағы қатысушылардың саны жағынан ең үлкені болды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Конференцияны Ресей Федерациясының Бас прокуроры Юрий Чайка мен Халықаралық прокурорлар қауымдастығының президенті Джеймс Гамильтон ашты. РФ Президенті Әкімшілігінің басшысы Сергей Иванов Ресей Президенті атынан құттықтау сөз сөйледі.
Форумда заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселесіне қатысты прокурорлардың қызметі талқыланды. Соның ішінде заң үстемдігі қағидасын жедел деңгейдегі прокурорларға қатысты қолдану, прокурорларға оның қызметінің тәуелсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге берілетін кепілдік, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру барысында әртүрлі мемлекеттер арасындағы прокурорлардың өзара әрекеттесуі және тағы да басқа мәселелер талқыланды.
Конференцияда мемлекет өміріндегі прокуратураның басты қызметі мен міндетін қайта қарау және кеңейту жөнінде кеңінен пікір алмасу болды, осы мәселеге қатысты әртүрлі инновациялық көзқарастар қаралды.
Форум аясында А.Дауылбаевтың Беларусь, Грузия, Ресей, Швейцария, Чехия, Тәжікстан және Украинаның Бас прокурорларымен, сондай-ақ Армения, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Канада прокуратура өкілдерімен екіжақты кездесулері болып, онда өзара ынтымақтастықтың келешектері талқыланды.