109 келі есірткі тәркіленді: Каспий теңізінде халықаралық есірткі арнасының жолы кесілді

АҚТАУ. KAZINFORM — Ұлттық қауіпсіздік комитеті Каспий теңізінің акваториясында халықаралық есірткі арнасының жолын кесті.

Фото: ҰҚК

Атап айтқанда, биыл 1 қарашада Шекара қызметі ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесіп, қудалаудан жүзу құралымен жасырынуға әрекет жасаған үш шетелдік азаматты, сондай-ақ жағалау аумағында Қазақстан Республикасының екі азаматын ұстады.

22 кг апиын, 27 кг гашиш, 60 кг марихуана және шағын көлемді жүрдек катер тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

Айта кетелік Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті есірткі сататын интернет-дүкен үшін төлем қабылдап, ақша аударумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кескен еді.