Ұлттық компанияның мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты елдің бірнеше өңіріндегі жолдар жабық:
Қарағанды облысы
• «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 248–592-шақырым (Атамекен ауылынан – Балқаш қаласына дейін);
• «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті», 970-1064-шақырым (Қарағанды – Молодежный);
• «Астана – Қарағанды – Алматы», 92–164-шақырым (Ақмола обл. шекарасы — Теміртау бақылау-өткізу пункті).
Ақмола облысы
• «Астана – Қарағанды – Алматы», 30-92-шақырым (Жібек жолы БӨП – Қарағанды обл. шекарасы).
Абай облысы
• «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы», 587-733-шақырым, (Павлодар облысы шекарасынан – Семей қаласына дейін;
• осы автожолдың 756-906-шақырым аралығы (Семей қаласы – Қалбатау ауылы).
Жамбыл облысы
• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы», 534–593-шақырым (Айша бибі ауылынан – Түркістан облысы шекарасына дейін).
Түркістан облысы
• осы автожолдың 593-654-шақырым аралығы (Жамбыл облысы шекарасынан – Машат ауылына дейін).
Павлодар облысы
• «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы», 426-587-шақырым (Кенжекөл ауылынан – Абай облысы шекарасына дейін).
Қосымша шектеу
• ШҚО-дағы Осинов асуында 46-66-шақырым аралығында тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалыс шектелді.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, жел екпіні күшейетінін болжаған еді.