11 млн қазақстандықтың жеке мәліметтерінің таралуына қатысты іс тергеліп жатыр - ІІМ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтардың жеке мәліметтерінің таралуына қатысты ҚР Ішкі істер министрлігі тергеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ішкі істерминистрлігіне шетелдік серверлерде қазақстандықтардың жеке деректерінің таралуфактісі бойынша шаралар қолдану туралы «ЦАРКА» (Кибер шабуылдарды тергеу және талдау орталығы) заңдытұлғалар бірлестігінен шағым түсті.

Осы ақпараттытексеру үшін ішкі істер органдары ҚР ҚК 211-бабы 1-бөлігі (Қолжетімділігішектелген электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату) бойыншасотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады», делінген хабарламада.

Министрліктіңмәліметінше, қазіргі кезде аталған дерекқордың иелері мен деректердітаратқандарды анықтау бойынша жедел шаралар және тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, Еске сала кетсек, кеше «ЦАРКА» ЗТБ Facebook-тегі парақшасында 11 млн қазақстандықтың жеке мәліметтерініңтаралуына қатысты ҚР ІІМ-нің ресми хатын жариялады. Айта кетерлігі, ҚР Орталық сайлау комиссиясы өз серверлерінен деректердің таралып кетуін жоққа шығарған болатын.

Соңғы жаңалықтар