АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 сәуірден «Болашақ» стипендиясына құжаттарды қабылдау басталады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов мәлім етті.
«Биыл 700 стипендия бөлініп отыр. Барша өңірлерде конкурс бойынша толық ақпаратты тарататын боламыз. Құжаттарды қабылдау 2016 жылғы үш кезеңде жүргізіледі, яғни 11 сәуірден 13 мамырға дейін, 13 маусымнан 29 шілдеге дейін және 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейінгі аралықта іске асырылады», - деп тоқталды Ғ. Нығыметов.
Құжаттарды электронды үкімет веб-порталы, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорацисы арқылы (бұрынғы ХҚКО), сондай-ақ «Халықаралық бағдарламалар орталығына» барып тапсыруға болады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.