Сонымен қатар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Алматы БалаFEST» қалалық балалар фестивалінің қорытынды іс-шарасына барған кезде синхронды шахматтың ашық сессиясында алғашқы жүрісін жасап берді.
Ал фестивальдегі «Robo Land» алаңқайында 9 жасар Дэниел Ким Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзі жайында және робототехникадағы жетістіктері туралы ағылшын тілінде айтып берді.