Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қарасу ауданының Восток ауылында 11 жастағы баланың мүрдесі табылған. Осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілді.
«Жедел-із кесу шаралары барысында 46 жастағы Қарасу ауылының тұрғыны ұсталды. Ол қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Күдікті Қарасу аудандық ІІБ оқшаулағышына қамалды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр.
Фото: yugopolis.ru