12 ақпанда елдегі қай жолдар жабық
АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде қозғалыс шектелді:
Алматы облысы
• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы», 59-143-шақырым (Жаңақұрылыс ауылы — Жамбыл облысының шекарасы).
Жамбыл облысы
• осы жолдың 143-214-шақырым аралығы (Алматы облысының шекарасы — Қордай ауылы);
• осы жолдың 159-238-шақырымы (Кенен ауылы — Қайнар ауылы);
• осы жолдың 534-593 шақырымы (Айша-бибі ауылы — Түркістан облысының шекарасы).
Түркістан облысы
• осы 593-654-шақырымы (Жамбыл облысының шекарасы — Машат ауылы).
Павлодар облысы
• «Атамекен — Ақсу — Көктөбе — Курчатов», 25-220-шақырым (Ақсу қаласы — Абай облысының шекарасы);
• KZ14-01 «Павлодар — Шарбақты — РФ шекарасы», 0-112 шақырым (Павлодар қаласы — РФ шекарасы);
• Сондай-ақ жолайрық көпірінің аралық құрылысының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.
ШҚО-дағы шектеу
Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер алдағы күндері кей өңірде 33 градус аяз болатынын болжаған еді.