Бүгін, 12 шілдеде U23 жас санатында жартылай финалдық жекпе-жектер өтті. Нәтижесінде 12 отандасымыз ақтық сынға жолдама алды.
Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Анита Адишева (51 келіге дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін), Азиза Исина (70 келіге дейін), Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін), Бексұлтан Боранбек (55 келіге дейін), Нұрасыл Төлебек (60 келіге дейін), Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін), Аман Қонысбек (75 келіге дейін), Өнер Сейілхан (80 келіге дейін), Темірлан Мұқатаев (85 келіге дейін), Ибрагим Бетаев (90 келіге дейін) өз жекпе-жектерінде жеңіске жетті.
Айта кетейік, Құралай Егінбайқызы (80 келіге дейін) тікелей финалға өтті.
Ал Аяжан Ермек (60 келіге дейін), Панар Сейітханқызы (80 келіден жоғары), Аслан Елдібайұлы (90 келіден жоғары) финалдан тыс қалып, қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, U23 жас санатында финалдық жекпе-жектер 15-16 шілде аралығында өтеді.