12 облыс жолдарында қауіп күшейеді: Қазавтожол жүргізушілерге ескерту жасады

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Ақмола, Абай, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Жетісу, Павлодар, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр аралас қар жауып, кей жерлерде қар күтіледі, деп хабарлайды Қазавтожол мекемесі.

Фото: Павлодар облысының тұрғындарынан


Осыған байланысты республикалық автожолдардың жекелеген бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін.

-Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және оқыс маневр жасамауды ұсынамыз,-делінген хабарламада. 

Осыған дейін қызылордалық тәртіп сақшылары өңірде ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жүргізушілерге ескерту жасаған болатын.