«Әлемнің дамыған елдерінде еңбек нарығына дайын болу үшін барлық халық 10 жылдық білім алу қажет деп саналады. Егер сіз жоғары білім алу үшін ЖОО-ға бармақ болсаңыз, онда сізге академиялық дағдыға дайындалу әрі оны дамыту үшін тағы да 2 жыл қажет. Яғни, сіз ақпараттармен, кітапханаларда электронды ресурстармен, жеке жұмыс істей алуыңыз керек», - деді ол.
Бұл ретте министр Назарбаев университетін үлгі ретінде атап өте келе: «Бізге шетелден бакалавриат бағдарламасы келген кезде 11-сыныпты бітірген түлектеріміз аталған бағдарламаларды ойдағыдай оқуға дайын болмай шықты. Біздерге қосымша тағы бір жыл жүргізуге тура келді. Кімде-кім дайын болса әрі оқығысы келсе, онда ЖОО базасында қосымша тағы 1 жыл білім алады. Айта кетер маңызды жайт, автономия алатын, ал олар бастапқыда шағын ғана алдыңғы қатарлы қазақстандық ЖОО-ларда бакалавриат бағдарламасы жақсартылады және қосымша 1 жыл енгізіледі. Осы аралықта студенттер аталған халықаралық талаптарға дайындалып, тілді үйрену үшін қосымша сағаттар беріледі», - деді.
Оның атап өтуінше, 2015 жылы еліміздің 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуіне байланысты арнайы жұмыс тобы еңбек етуде. Айта кетерлігі, 12 жылдық білім алу жүйесіне барлығы бірдей көшпейді.
«Бұл ЖОО-ға түсу үшін дайындық жылы болады. Назарбаев университетінде 12 жылдық жүйе жұмыс істегеніне 4 жыл боллды. Қосымша бағдарламаларды оқығысы келгендерге бұл жыл өте зор пайда әкеледі», - деді министр.