Осы орайда министр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында білім саласын жаңарту бағдарламасын жалғастыруды тапсырғанын еске салып өтті.
«Біз болашақ экономика үшін кадрларды даярлап, сапалы білім беруіміз қажет. Сондықтан да осы саланың бағдарламалары бұдан ары қарай да дамытылады. Орта білім беру құрылымына тоқталатын болсақ, біз Президенттің тапсырмасы бойынша бір айдың ішінде жаңа ұсыныстарды енгізуіміз шарт. Ұсыныстар халықаралық талаптарға сәйкестікке қатысты болады. Біз 12 жылдық білім беру жағына қарай жылжитын боламыз. Бұған көшу бағыты 11 жылдық білім плюс 1 жыл мектеп алдындағы дайындық аясында іске асырылады»,-деді министр.
А. Сәрінжіповтың айтуынша, қазіргі кезде мектепке дейінгі даярлық бағдарламасы Қазақстанда 6 жастағы барлық балалардың 95 пайызын қамтып отыр.
«Біз мектеп алдындағы даярлық бағдарламасын жаңартуды жақсарту бағыты бойынша жүретін боламыз»,-деді ведомство басшысы.