Ол жаттықтырушысының бақылауынсыз ауыр салмақты өз еркімен көтеріп көрмек болған. Видеода штанганың спортшының үстіне құлап, мойнына қарай баяу сырғып келе жатқаны анық көрсетілген.
Зардап шеккен азамат оқиғаны көргендер көмекке келгенше 17 секунд бойы жанталасумен болды, деп хабарлайды Daily Mail.
Ол дереу ауруханаға жеткізіліп, мойнына таңғыш салынды. Жаттығу залының иесі Генезис Морейфилдің айтуынша, мұндай қайғылы оқиғалар жиі болып тұрады. Өткен айда ғана 15 жастағы жасөспірім бала 30 минутты зілтемірдің астында өткерген. Қазіргі уақытта ол аурухананың жансақтау бөлімшесінде жатыр.