120 мыңнан астам қазақстандық түлек үшін соңғы қоңырау соғылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін республиканың барлық мектептерінде 11 сынып оқушыларына арналған соңғы қоңырау жиыны өтеді. Аталмыш шаралардың бірі өтіп жатқан №64 мектеп-лицейіне ҚР білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов барды.

«Бұл оқу жылының аяқталуы - ерекше оқиға, үлкен мереке. Бүгінде республика бойынша 120 мыңнан астам оқушы мектеп қабырғасынан түлеп ұшады. Түлектерімізді алда Ұлттық бірыңғай тестілеу күтіп тұр», - деп атап өтті А. Сәрінжіпов.