Синоптиктердің болжамы бойынша, 29 қарашасында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы, Астана, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Риддер, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Павлодар, Көкшетау және Петропавл қалаларында күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.