Бүгін Ақмола, Абай, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Жетісу, Павлодар, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр аралас қар жауып, кей жерлерде қар күтіледі.
— Осыған байланысты республикалық автожолдардың жекелеген бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін. Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және оқыс маневр жасамауды ұсынамыз, — деп ескертті мамандар.
Осыған дейін СҚО-да қыста жалпы ұзындығы 156 км болатын қауіпті 86 жол учаскесі бар екенін жазғанбыз.