13 тамызда «Jastar kerýeni» жол тартады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде «Jastar kerýeni» әлеуметтік жобасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ақпарат жәнеқоғамдық министрлігінің қолдауымен бастау алған «Jastar kerýeni» жобасына қатысушыларды іріктеу кезеңі өтіпжатыр. Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысовтыңайтуынша, конкурс нәтижесі 25 шілдеде белгілі болады.

Іріктеуден өткенжастар 12 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласында отандық эстрада жұлдыздарының қатысуыменслет өткізіп, ертеңінде 7 бағыт бойынша сапарға аттанады.

Ақмола, Алматы,Қарағанды, Павлодар, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларына жол тартқан белсендіжастар 4 күн бойы 7 өңірдің туристік нысандары мен киелі орындарын аралап,алған әсерлерін әлеуметтік желіге жариялайтын болады. Ұйымдастырушылар осыарқылы жастар арасында ішкі туризмді дамытуға атсалыспақшы.

«Жастар – қоғамныңқозғаушы күші, Әлеуметтік желіде белсенді жастар туризм саласында трендтерқалыптастырып отыр. Сондықтан, әр бағытқа жастармен бірге блогерлербарады. Жастар солар бөліскен ақпаратарқылы еліміздің туристік әлеуеті жоғары өңірлер туралы толыққанды ақпараталатын болады», - дейді Тоқтар Болысов.

Оның айтуынша,туристік керуен соңында оған қатысушылар өздері аяқ басқан орындардағыинфрақұрылымдық мәселер бойынша тиімдіұсыныстар беруі тиіс.

«Қазірдің өзіндемыңнан астам ұсыныс түсті. Шілденің аяғына дейін олардың саны 2 000-ға жетедідеп ойлап отырмыз. Іріктеуден өткен жастар сапар соңында өз ұсыныстарын береді.Оны жинақтап тиісті мемлекеттік органдарға жолдаймыз. Яғни, жастар ақысызқыдырып қана қайтпай, жер-жердегі туризм инфрақұрылымын қалай шешу керектігіжөнінде өз ұсыныстарын айтатын болады», - деді ол.

ҚР Ақпарат жәнеқоғамдық даму министрлігіне қарасты Жастар және отбасы істері комитетітөрағасының орынбасары Шахмардан Баймановтың айтуынша, бұл шара да Жастар жылықарсаңында ұйымдастырылып отыр.

«Биыл еліміздежаста жылы» жариялануына байланысты 89 бағыт бойынша жобалардың жол картасыдайындалған болатын. Соның ішіндегі ең ірі жобаның бірі осы «Jastar kerýeni», -деді мнистрлік өкілі.

Соңғы жаңалықтар