Оlympic.kz сайтының мәліметінше, З.Дәркен бірден 60 позицияға жоғарылап, 30-орынға тұрақтады.
Мұндай орынға жас спортшы EТ (Еуропа теннисі) сериясындағы турнирлерде сәтті өнер көрсеткеннен кейін лайықталды. Олардың бірінде спортшы қыз чемпион болса, ал екіншісінде финалға жетті. Tennis Park Open by Head турнирінде ол украиналық Елизавета Котлярға жол берді. Айта кету керек, Зара — Еуропа теннисінің ТОП-30 жасөспірімдер рейтингіндегі ең жас теннисшілердің бірі.
Зара Дәркен – Ақтөбе қаласындағы теннис орталығының тәрбиеленушісі.