14 жастағы қызылордалық ауруханада қайтыс болды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылордадағы балалар ауруханасында жасөспірім қыз көз жұмды.

Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

14 жастағы қала тұрғыны аяқасты денсаулығы мазалап, медициналық ұйымға жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Ол жансақтау бөлімінде есін жимастан бақилық болды. 

Өкінішті жәйтке байланысты тексеру шаралары басталды. Бұл туралы облыстық көпбейінді балалар ауруханасының басшылығы мәлімдеді.

- Аталған мәселе бойынша баланың ата-анасы медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне шағым түсірген. Соған сәйкес қазіргі таңда зерделеп, тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада 

Нәтижесі қосымша хабарланады.

Еске салайық, Шымкенттегі тойханалардың бірінде даяшы болып жұмыс істеген 13 жастағы бала көз жұмды.