Оқиға орнында Абай және Жетісу облыстары ТЖД, «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекеттері және жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмыс істеп жатыр. Барлығы 140 адам, 33 техника және 3 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.
— Қазір өңірдегі құрғақ шөп пен қамыстың жануы оқшауланды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай ТЖМ бақылауында, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Бұған дейін Жетісудағы өртті сөндіруге тікұшақпен 11,4 тонна су төгілгенін жаздық.