Жетісудағы өртті сөндіруге тікұшақпен 11,4 тонна су төгілді
АСТАНА. KAZINFORM — Жетісу облысы Сарқан ауданы Борлытөбе орман шаруашылығының Құрақсу орманшылығы аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртенді. Қазір өрт толығымен сөндірілді..
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өртті сөндіруге ТЖМ мен орман шаруашылығының шамамен 40 қызметкері және 10 техникасы жұмылдырылды.
— «Қазавиаорманқорғау» желісі бойынша «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағымен жалпы көлемі 11,4 тонна су 19 рет төгілді. Өрт толығымен сөндірілді, — делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін Алматыда ғимараттағы өрт салдарынан шатыр опырылып, төрт адам ауруханаға түскенін жаздық.