— Аула шифермен және биіктігі 1,5 метрлік темір тормен қоршалған, жабық тұр. Бірақ түнде белгісіз аң кіріп, құстардың барлығын тамақтап кеткен. Жалғыз болмаған сыңайлы. 50 бас құстың тек 14-і ғана қалды. Ескерту үшін бұл видеоны түсіріп жатырмын, жабық қораға қамаңыздар, міндетті түрде шатыры болсын, — дейді Троицкое ауылының тұрғыны.
Облыстың басқа елді мекендерінде де бұл мәселе бар. Жергілікті билік өкілдері тұрғындарға сақтық шараларын күшейтуге кеңес берді.
— Жамбыл ауданының ветеринариялық станциясының мәліметінше, қарсақтар, түлкілер, сондай-ақ қаңғырған иттердің көбеюіне байланысты жеке үй шаруашылықтарының иелеріне сақтық шараларын сақтау ұсынылады. Түнгі уақытта қақпаны, қора-қопсы есіктерін жауып қою, ал үй құстарын жабайы жануарлар кіре алмайтын қораларда немесе басқа да жабық орындарда ұстау қажет. Осы сақтық шаралары сақталмаған жағдайда, жыртқыш аңдардың үй құстарына шабуыл жасау қаупі бар, — дейді Жамбыл ауданы әкімдігінің өкілдері.
Бұған дейін СҚО-да аңшылық маусымы қашан басталатынын жазған едік.