Фестиваль 10-11 қаңтарда Алматы облысы Қаскелең қаласындағы Сүлеймен Демирел атындағы университетте өтеді.
Оқушылар FIRST халықаралық ережелері бойынша екі бағытта бақ сынайды. Бірінші бағыт – FIRST LEGO League Challenge-ге 10-16 жас аралығындағы оқушылар, екінші бағыт - FIRST Tech Challenge-ге 12-18 жас аралығындағы оқушылар қатысады.
«Оқушылар арасында робототехника танымал болып келеді. Соңғы үш жылда 3 мыңнан астам робототехника кабинеті ашылды.
Сондай-ақ қазақстандық оқушылар робототехникадан халықаралық жарыстарда үздік нәтиже көрсетіп келеді. Мысалы, қазан айында оқушыларымыз Женевада өткен робототехникадан FIRST GLOBAL CHALLENGE әлем жарысында жеңіске жетті. Кейін шымкенттік оқушылар Дортмунд қаласында өткен робототехникадан халықаралық олимпиадада алғаш рет екінші орынды иеленді. Бұл жеңістің барлығы біздің дұрыс бағытта жұмыс істеп жатқанымыздың дәлелі. Робототехниканы дамыту және танымал ету үшін «USTEM Robotics» қоғамдық қорымен бірлесіп мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушылары арасында алғаш рет республикалық роботтар фестивалін өткізіп отырмыз. Жарыс жеңімпаздары робототехникадан Қазақстан ұлттық құрамасы қатарына қосылып, алдағы уақытта «FIRST Kazakhstan 2023» республикалық финалына қатысуға мүмкіндік алады», - дейді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әнуар Унайбеков.
Ұсынылған мәліметке сәйкес, соңғы екі жылда 2 мыңға жуық мұғалім робототехника курсынан өткен.