16 адам мінген әуе шары қолтырауындар толы тоғанға құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Флорида штатында   аса күшті желдің әсерінен әуе шары  қолтырауындар толы тоғанға құлады.

Ұшқыш әуе шарын басқаруға ие бола алмай, ұшу аппараты  аударылып кеткен. Тап осы кезде оның ішінде 16 адам болған. Бір бала жарақаттанды. Оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Адамдарды аман-есен судан шығаруға бір сағаттан астам уақыт кеткен.