Бұл талап «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңда көзделген. Тыйым ауа райы жағдайларына және медициналық ұсынымдарға қатысты қолданылмайды. Сондай-ақ қызметтік міндеттерді атқару, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу кезінде де тыйым салынбайды. ӘҚБтК-нің 434-3-бабына сәйкес, алғаш рет құқық бұзғандарға ескерту жасалады.
Бір жыл ішінде қайталанса, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қазіргі уақытта аталған құқық бұзушылық үшін 1613 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. ️
ІІМ бұл талап қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
Бетті толық жабуға қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеме жасағанын жазған едік.