Todo Noticias басылымының жазуынша, 19 жастағы жігіт жеңіл көлікті тізгіндей алмай, екі қабатты көпірдің шетіндегі тосқауылды бұзып, жерге «ұшып түскен».
Хабарларға қарағанда, бұған дейін көлікке жылдамдығын асырғаны үшін алты рет айыппұл жазылған, ал көлік жігіттің өгей әкесіне тиесілі.
Абырой болғанда, жас жігіт аман қалған, бірақ ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Апат салдарынан өзге адамдардың да зардап шеккені туралы ақпарат жоқ.