«Қайғылы оқиға қаланың шет жағындағы «Көктем» шағынауданы аумағында, Атырауды аудан орталығы - Индербормен кентімен жалғастырып жатқан трассада болды.
Жол апатын «Фольксваген Пассат» көлігін басқарған 18 жастағы жүргізуші жасады. Ол жаяу жүргіншілерге арналған жол бөлігінен өтіп бара жатқан азаматты қаққан. Зардап шеккен жан оқиға орнында қаза тапты», - деп хабарлады Атырау облысы ІІД баспасөз қызметі.
Сот алды тергеу жүргізілуде.