АСТАНА. KAZINFORM — Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіні жария етті.
Қазақстандықтардан Александр Бублик — 11, Александр Шевченко 95-орнын сақтады.
Сондай-ақ Дмитрий Попко (223), Тимофей Скатов (239), Бейбіт Жұқаевтың (280) нәтижелері өзгермесе, Денис Евсеев 371-ден 370-ке ауысты.
18 жастағы Әмір Омарханов өткен аптада 1 100-ден 859-сатыға көтеріліп, әлемдік рейтингідегі өзінің үздік көрсеткішіне қол жеткізген еді. Бұл жолы ол тағы бір жеке рекордын тіркеп, бірден 828-орынға ( 31) көтерілді.
Сонымен қатар Григорий Ломакин 961-ден 922-ге жоғарылады.
Әйелдер арасында WTA рейтингісінде Елена Рыбакина 5-орында қалса, Юлия Путинцева 72-ден 71-ге, Зарина Дияс 284-тен 283-ке қайта шықты. Жібек Құламбаева 334-тен 340-қа төмендеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшінің Үндістанда қатарынан екі турнирде топ жарғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).