ОРАЛ. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, 18 жастағы Әмір Омарханов Монастир (Тунис) ITF M15 турнирінің ширек финалына жолдама алды.
АТР рейтингісінде 1115-орындағы Ә.Омарханов екінші айналымда әлемнің 634-ракеткасы, ресейлік Игорь Кудряшовқа тап келді.
Қарсыласының рейтингіде жоғары тұрғанына қарамастан, Әмір жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген теннисшіні 6:2, 6:4 есебімен жеңді.
Әмір Омарханов жартылай финалға шығу үшін әлемнің 847-ракеткасы, испаниялық Хорхе Планспен таласады.
Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 297-сатыдағы Зарина Дияс Такасаки (Жапония) ITF W100 турнирінің жартылай финалынан тыс қалды. Ол ширек финалда әлемнің 181-ракеткасы, жапониялық Химено Сакацумеге жол берді – 2:6, 2:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Заңғар Нұрланұлының Мысырдағы жарыста сенсация жасап, ширек финалға шыққанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).