18 желтоқсанда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

2025 жылғы 18 желтоқсан сағат 08:00-де еліміздің бірнеше өңіріндегі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды.

Ақтөбе облысы

• «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 526-705-шақырым аралығы (Батыс Қазақстан облысы шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейін);

• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 22-99-шақырымы (Экоойл ЖҚС – Жайсан өткізі пунктіне дейін);

• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965-1240-шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысы шекарасы).

Батыс Қазақстан облысы

• «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 273-526-шақырым арылығы (Барбастау ауылынан Ақтөбе облысы шекарасына дейін);

• «Атырау – Орал – РФ шекарасы» автожолының 189-492-шақырым арылығы (Атырау облысы шекарасынан Орал қаласына дейін).

Атырау облысы

• «Атырау – Орал – РФ шекарасы» автожолының 178-189-шақырым арылығы (Индер ауылынан Батыс Қазақстан облысы шекарасына дейін).

Қызылорда облысы

• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362-шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін).

Жабық жолдар

Ақтөбе облысы

• «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 104-337-шақырым аралығындағы учаскесінде (Қандыағаш қаласынан Атырау облысы шекарасына дейін) жүк және қоғамдық көлік түріне қозғалысы шектелді.

• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240-шақырым аралығы (Эко Ойл жанармай стансасы - Қызылорда облысының шекарасына дейін);

Атырау облысы

• «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 337-346-шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе облысы шекарасынан Сағыз ауылына дейін) жүк және қоғамдық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

Батыс Қазақстан облысы

• «Атырау – Орал – РФ шек.» 189-492-шақырым аралығы (Атырау облысының шекарасынан Орал қаласына дейін) жүк және қоғамдық көлік үшін қозғалыс шектелді.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер ауа райына байланысты еліміздің 14 өңірінде ескерту жариялаған еді.