«Антикварлық және тарихи құндылығы бар қару криминалистика бөлімдерінің заттай коллекцияларына немесе ІІМ-нің мұражайларына тапсырылады. Бұл ретте олар атуға жарамсыз күйге келтіріледі.
Акция басталған 2012 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысында екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған танк пулеметі, 2013 жылы Семей қаласында 1882 жылы Италияда шығарылған «Веттерли-Витали» винтовкасы, «Лефаше» револьвері, 1936 жылы шығарылған колибрі 6,5 мм-лік «Тоз» ойық ұңғылы тапаншасы тапсырылды. Биыл Атырау қаласының тұрғыны өзінен-өзі оқталатын 1896 жылы шығарылған «Моузер С-96» неміс автоматты тапаншасын тапсырды», - деді басқарманың бастығы министрліктің баспасөз алаңында өткен брифингте.
Асылбек Ыдырысовтың атап өтуінше, аталған қарулардың тарихи құндылығын комиссия тексеріп, қорытынды шығарады.