НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның күш құрылымдары 199 коронавирус жұқтыру ошағы мен 366 карантиндік нысанды қоршап тұр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бас санитарлық дәрігерлердің қаулыларына сәйкес, 4 облыста 2 санитарлық (Ақтөбе облысы) және 7 блокпост (Атырауда – 4, Қостанай – 2, Қызылорда - 1) қойылған. Одан бөлек, 199 коронавирус жұқтыру ошағы мен 366 карантиндік нысанды қоршау жұмыстары жалғасуда», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде.
Оның айтуынша, бұл шараларға күн сайын 14 мыңнан астам полицей, Ұлттық ұлан әскерилері және мыңнан астам волонтер тартылады.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.