2 мыңнан астам шетелдік ел аумағынан шығарылды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда болу тәртібін бұзған 2 мыңнан астам шетелдік еліміздің аумағынан шағырылды. ҚР Ішкі істер министрлігі еліміздің аумағында басталған «Учаске» жедел алдын алу шарасын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ведомствоның мәліметінше, шара барысында учаскелік полиция инспекторлары бекітілген әкімшілік учаскелерді аралады. «Учаске» қорытындысы бойынша 9 мыңнан астам жалға берілетін пәтерлер тексерілді. Мекенжайларда тіркеусіз тұрған 37 мыңнан астам азамат, сондай-ақ адамдар тіркеліп, бірақ тұрақты тұрмайтын пәтерлердің 1 мыңнан астам иесі әкімшілік жауапкершелікке тартылды.

Қазақстан Республикасында болу тәртiбiн бұзғаны үшін 20 мыңнан астам шетел азаматы анықталды, сол себепті соттың шешімі бойынша 2 мыңнан астам шетелдік еліміздің аумағынан тыс шағырылды. 11 мыннан аса тұрақты мекенжайы жоқ адамдар ұсталды.

«Заңсыз айналымнан 521 бірлік атыс қаруы және олардың 1 мыңнан астам оқ-дәрісі алынды. 2 мыңнан астам қару иелері оны сақтау ережесін бұзушылықты жоюға дейін уақытша қару пайдалану құқығынан айырылды», - деді министрліктен.

Соңғы жаңалықтар