Елімізде Қазақстан халқының саны 20 миллионға жеткені аталып өтуде. Астана жастары да сырт қалмай, 20 саны түрінде сап түзеп, Мемлекеттік туды желбіретті. Кazinform бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Іс-шараға барлығы 200 волонтер қатысты.
Еске салайық, Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны атанған 5 шақалақ Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың үшеуі – ұл, екеуі қыз балалар. Барлығы да 14 қараша күні, таңғы сағат 8.10-да туған.
Бұған дейін демограф Аяулым Сағынбаева Қазақстанға халық санының өсуі неліктен маңызды екенін түсіндірген еді.
Қазақстандықтарды халық санының 20 миллионға жетуімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.
Гүлмира Алякпарова
«Қайнар» университетін – «қазақ тілі және әдебиет», Д.Қонаев атындағы Көлік және құқық гуманитарлық университетін «экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
«ҚазАқпарат» ХАА-да 2004 жылдан бері қызмет атқарып келеді.