«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында министрлік жыл сайын халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акциялар өткізеді. Биыл аталған акция 25 сәуірде басталды, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 88,7 млн теңге бөлінді», - делінген Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінде.
Іс-шара қорытындысы бойынша ішкі істер органдарына 1 мыңнан астам азамат жүгінді. Олар 1,3 мың атыс қаруын, 9 мыңнан астам ойық ұңғылы қару патрондарын өз еркімен тапсырды.
Ведомство халықтан қару-жарақ заттарын сатып алу бойынша іс-шараларды 2008 жылдан бері өткізіп келе жатқанын атап өту қажет. Осы кезеңде азаматтар өз еркімен жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге 54 мыңнан астам атыс қаруын, 2 млн-нан астам ойық ұңғылы қару патрондарын тапсырды.
Фото: sosnovosti.ru