Педагог кадрдың біліктілігі деңгейінен білім беру қызметінің сапасы анықталады. Республиканың жалпы білім беру мектептерінде жоғарғы және бірінші санатты педагогтардың саны 138031 адамды құрайды (47,3 пайыз). 2013 жылы 9645 жас педагогтың (2012 жылы - 8200) жұмысқа кірісуі жоспарлануда.
«Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының білім беру басқармаларының деректері бойынша қазіргі кезеңде педагог кадрларға қажеттілік 1934 адамды құрайды (өткен жылы - 1076). Соның ішінде ауылдық жерде - 1176. Математика пәніне - 193, химияға - 84, ағылшын тіліне - 76, физикаға - 77, бастауыш сыныпқв - 102 оқытушының қажеттілігі байқалады», - делінген министрлік мәліметінде.