Оның мәліметтерінше, теміржол көлігі нысандарында жасалатын қылмыстардың 53 пайызын ұрлық құрайды. Бұл жедел қызмет көрсету нысандарындағы жолаушылар тасымалы мен жүк ауқымының айтарлықтай көбеюіне байланысты болып отыр. «Өткен жыл ішінде криминалдық полиция бөліністерімен бөтеннің мүлкін ұрлауды ашу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл бізге жылды табысты аяқтауға мүмкіндік берді», - деп атап өтті полиция полковнигі.
Сондай-ақ, 2013 жылы көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін 2363 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Есептік кезең ішінде Көліктегі ІІД аумақтық бөліністердің құрылымдық күштері 257 есірткі қылмысын анықтады. Контрабандалық жолмен есірткі тасымалдаудың 21 фактісі тіркелді. Заңсыз айналымнан 7 тонна 880 келі есірткі заты тәркіленді, оның 20 келісі - «героин».