«2014 жылы жалпы сомасы 51,1 млрд. теңге құрайтын республикалық бюджет қаржысы есебінен 73 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған. Олардың 29-ы үш ауысымды және апатты мектептердің орнына бой көтерсе, 35-і орын ташылығын жою үшін, ал 9-ы халықтың демографиялық өсіміне байланысты салынады. Мектептердің басым бөлігі мемлекеттік тілде білім беретін болады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар министрліктің атап өтуінше, 2015 жылы республикалық бюджет есебінен 47 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. Оның 28-і үш ауысымды және апатты мектептерді жою үшін салынады. Ал 17-сі орын тапшылығын жою үшін, 35-і халықтың демографиялық өсіміне орай бой көтереді.
«Білім беру нысандарын жаңа оқу жылына дер уақытында және сапалы дайындау мақсатында 538 мектепте жалпы сомасы 26221,5 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді», - делінген министрлік ақпаратында.
Айта кетерлігі, 2013-2014 оқу жылында республикада 180 апатты мектеп және үш ауысымда сабақ өткізетін 104 білім ошағы болған еді.