«2015 жылдың қорытындысы бойынша біздің облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгеріс бар. Жалпы өңірлік өнім бойынша 2015 жылы болжамды 2 пайыздық өсімді құрайды. Облыста өткен жылы 668 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді», - деді әкім.
Оның сөзіне қарағанда, өңірде «Индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасының басталғалы құны 228,5 млрд. теңгені құрайтын 164 жоба іске қосылып, 14 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Іске қосылған жобалардың 94 пайызы жоспарланған қуаттылықтың 90-100 пайызына жетті. Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада алдыңғы қатарда.