«Біз қазақ тіліне зор көңіл бөлетін боламыз. Мемлекеттік тілде білім беретін оқу орындарының саны арта түседі. Мектепке дейінгі білім беру саласында мұндай ұйымдар саны 2 мыңға дейін, орта білім беруде 4 мыңға дейін жеткізілсе, техникалық және кәсіптік білім беру саласында олардың саны 50-ге артады», - деді ол.
13:23, 29 Қазан 2013
2016 жылға дейін қазақ тілінде білім беретін оқу орындарының саны артады - ҚР БҒМ
АСТАНА. 29 қазан. ҚазАқпарат - 2016 жылға дейін қазақ тілінде білім беретін оқу орындарының саны артады. Бұл туралы бүгін 2014-2016 жылдарға арналған ҚР-дың білім және ғылым саласы дамуының басым бағыттары талқыланған Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.