«Бүгінгі күні елімізде 7 мыңнан астам орта мектеп жұмыс істеп тұр, оларда 2,5 млн. адамнан астам оқушы білім алуда. Ал оқушы орнының тапшылығы 70 мың 982-ні құрайды. Жүргізілген мониторингке сүйенсек, оқушы орнының тапшылығын жою үшін республика бойынша 149 мектеп салу керек. Осыған орай, министрлік 2014-2016 жылдарға арналған үш ауысымды мектептер проблемасын шешуге бағытталған жоспар әзірленген болатын. Осы жоспарға сәйкес, 2016 жылы еліміздегі барлық үш ауысымдағы және апатты мектептер мәселесі толық шешімін табатын болады», - деді вице-министр Есенғазы Иманғалиев.
Оның айтуынша, аталмыш жоспарды Ұлттық экономика министрлігі де қолдаған.