«Біз барлығы үшін 9-11 сыныптарда алғашқы әскери дайындықта автокөлік саласын оқытуды енгізу шешіміне келдік. Бұл өз кезегінде жолдарда апатты азайтады. Осы орайда мәселені Қорғаныс министрлігімен қарастырдық. Қазіргі кезде, яғни биылдан «алғашқы әскери дайындық» емес, «алғашқы әскери-техникалық дайындық» (АӘТД) деп аталады. 2017 жылдан бастап бұл пәнде жүргізуші куәлігін алуға автокөлік ісі бойынша сағаттар қамтылған. Бала АӘТД-ны оқығаннан кейін емтихан тапсыратындығы туралы анықтаманы алады. Бұдан кейін жүргізуші куәлігін алу үшін 18 жасқа толуын күтеді»,-деді Е. Сағадиев.
Оның сөзіне қарағанда, ҚР БҒМ мұғалімдерді даярлау міндетін өзіне алып отыр. Енді алғашқы әскери-техникалық дайындық аясында автокөлік ісіне бір күнді бөлуге болады. Оқушылар көлік басқаруды үйренуі үшін арнайы полигонға шығады.