2017 жылы Ақтөбе облысында 300 шақырым жол жөнделеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында 300 шақырым жол жөнделеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

«Биыл 300 шақырым жол жөнделеді, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 2,7 есеге артық. Осы мақсатқа 10,6 млрд теңге бөлінді. Жұмыс құрамын жергілікті қамту - 100%. Жоба қазіргі заманғы технологияларды, соның ішінде «кәдеге жарату» («ресайклинг») әдісін белсенді түрде қолданады», - деп хабарлады облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев жөндеу-құрылыс жұмыстары жүріп жатқан «Ақтөбе-Орск», Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы, «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк», «Донское-Бадамша-Ақтөбе-Орск», сондай-ақ Ақтөбе қаласынан АФЗ аймағына шығатын жол өткелі құрылысы сынды ірі жобаларға ерекше тоқталды.

Сонымен қатар, биылғы жылы «Ақтөбе-Атырау - Астрахань (Ресей Федерациясы шек.) автожолын қайта жөндеу жұмыстары жүргізілмек.